РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 05 сәуір 2019 13:26, Изменено: 05 сәуір 2019 13:26

Қазгидромет қызметі мәселесі жөніндегі ТЖК Төрағасы В.Р. Беккердің айтқан сөздері дұрыс емес.

Гидрологиялық болжам мәселелері жөнінде.

Бұдан бұрын 2018 жылға дейін, 40 жылдың ішінде бір маусымды гидрологиялық болжам тасқын/су тасу аралығының басталуына дейін 2-3 айда жасалынып, кейбір жазық өзендер бойынша ағаттығы 200-300% құраған.

2018 жылы Қазгидрометпен гидрологиялық болжамның жаңа жүйесі жасалынып қолданылды. Еуропа және Солтүстік Американың дамыған елдерінің тәжірибесінде 2018 жылдан бастап Қазгидромет апта сайын өзен бассейнінің рельефтерінің цифрлық модельдерін пайдалана отырып, оның нәтижесінде бірінші негізгі көрсеткіш – ылғал қоры көлемінің млн.м3 (бұдан бұрын мм берілген) өзгеру динамикасы анықталып гидрологиялық балжам жасалынады. «Достық көктемі» жағдайында млн.м3 өлшемінде анықталған қардағы су қорларының 70-90% өзен арнасына ағып кетуі мүмкін.

Апталық синоптикалық болжамның, ылғал қорының негізінде, сонымен қатар өзен ағындарының көлемін болжаудың сандық математикалық модельдерін пайдалана отырып, апта сайын гидрологиялық болжам жасалынады.

Жаңа жүйені қолдана бастағаннан 2018 жылы гидрологиялық болжамның ағаттығы 9-10% құрады.

Қазгидромет бақылау жүйесінің техникалық жабдықталуы бойынша өткен ғасырдың 50 жылдарындағы деңгейінде тұр, бұл 90 жылдардың басымен салыстырғанда 2 есе аз. Қаржы министрлігімен жыл сайын 2018-2022 жж. аралығына Жаңарту бағдарламасы қаржыландырылады, одан толық нәтиже аяқталған соң болады.

2018 жылдан бері ТЖК және Қазгидрометпен бірлесе отырып жыра, алқап, орман алқабтарын аралап шығу Қазгидромет бастамасы бойынша жүзеге асылып жатыр. ТЖК тек 4 ай өткеннен кейін ортақ бұйрыққа қол қоюға келісті.

Синоптикалық болжам мәселелері жөнінде.

31 наурызда Көкшетау қаласында  15 см емес, Қазгидромет болжамына сәйкес бірқалыпты, 4 мм аралас (жаңбыр, қар) жауын-шашын жауды. Жауын-шашын тек бір жерге жаумайды, олар циклондардың ығысу траекториясы бойынша жауады.

Диаметрде 500-3000 км жететін ауа райы жағдайын анықтайтын синоптикалық процестер циклон/антициклондардың ықпалымен байланысты. Циклонның тіршілік ету аралығы тұрақсыз ауа райын (қатты жауын-шашын, жел, температураның тез түсуі және т.б.) анқытайтын деңгейі 7 күнге дейін құрайтындығы белгілі. Сондықтан уақытын, орнын және циклонның туындау аралығын анықтай алмайтын айлық болжамдар төменгі дәлдікке ие.

Қазигдрометтің Гидрометорталығында 1, 3 және 7 күнге болжам жақсы дәлдікке ие (тиісінше 91% - 96%).

Өкінішке орай атмосфералық процестерді түсінбеушілік, ауа райы болжамын жасаудың күрделі өзгешілігін түсінбеу Владимир Беккердің Қазгидромет болжамдарына қатысты қате пікірге алып келеді. 2018 жылдан бастап 2019 жылдың 4 сәуіріне дейін В.Беккермен іскерлік кездесулер барысында Қазгидромет болжамдарына наразылық білдіру болмаған. Қазгидрометке ТЖМ басшылығын гидрологиялық болжау және ауа райын болжау бойынша жұмыстың өзгешілігімен танысуға шақырамын.

Болжамның барлық түрін жасау үшін Қазгидрометтің 2000 нан астам маманы мен бақылаушылары тәулік бойы кейде ауа райының қийын жағдайында денсаулығы мен өмірі үшін қауіп төндіре отырып, гидрометеорологиялық мониторингті тасқын/су тасу аралығында ылғал қорын өлшеу үшін жаяу 19 000 км ден жоғары жаяу жүріп өтеді.