РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 тамыз 2019 14:52, Изменено: 05 тамыз 2019 14:52

«Қазгидромет» РМК #Birge#TazaQazaqstan акциясына белсенді қатысуын жалғастыруда. 2019 жылғы 3 тамызда демалыс күндерінде «Қазгидромет» РМК Батыс-Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалдары экологиялық акцияны қолдауға шықты.

Іс-шараға 50-ден астам қызметкерлер қатысып, жалпы көлемі 1000 кг-нан астам қоқыс жинады. Батыс-Қазақстан облысында сенбілік Жайық өзенінің бойында, Павлодар және Қызылордада – Сырдария және Усолка суайдындарында өтті.

«Қазгидромет» РМК аймақтық филиалдары #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырады.