РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 06 қыркүйек 2019 18:36, Изменено: 09 қыркүйек 2019 15:40

2019 жылғы 6 қыркүйектегі өртке байланысты, «Қазгидромет» РМК Алматы қ. бойынша филиалының қызметкерлерімен Алатау ауданы, Солтүстік айналым тас жолы 78/1 аймағында, «Мизам» базарының бір қабатты қоймасының өртену аймағында, өрттің шығу аймағына жақын орналасқан базарлардың арасында атмосфералық ауадан кезектен тыс сынама алу жұмыстары жүргізілді.

Сынама алу жұмыстары 4 нүктеде жүргізілді:

№ 1 нүкте – «Өжет» базары (өрттен 100 метр қашықтықта);

№ 2 нүкте – Солтүстік айналым тас жолы 78/2;

№ 3 нүкте – Солтүстік айналым тас жолы, 30;

№ 4 нүкте – Солтүстік айналым тас жолы, 24.

Барлық нүктелерде атмосфералық ауа концентрациясының белгіленген нормадан асып кетуі тіркелген.

Азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді және фенол (10-нан астам ШЖК) бойынша 1 және 2 нүктеде ЖОҒАРЫ ЛАСТАНУ анықталды.

6 қыркүйекте Алматы қ. құбылмалы жауын-шашынсыз ауа райы 1-6 м/с баяу желмен байқалды, ол ауадағы ластағыш заттардың жиналуына ықпалын тигізуі мүмкін.