РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 02 сәуір 2018 13:03, Изменено: 02 сәуір 2018 18:21

6 cәуірге шейін су тасқынының қаупі Алматы қ. мен Қазақстанның 11: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында сақталады.

Қазгидромет өзендердегі су деңгейінің көтерілу қаупі және су тасқыны мүмкіндігі туралы мүдделі мемлекеттік органдарды, ТЖ қызметтері мен халықты хабардар етіп, уақытылы дауылдық ескерту шығарды.

Көптеген облыстардағы су тасқынының қаупі температуралық фонның көтерілуіне, қардың бірте-бірте еруіне және  мұз құбылыстарының  әлсіреуінен байланысты болуда.

Қазақстанның оңтүстігінде су деңгейінің көтерілуі температуралық фонның көтерілуімен және кей жерлердегі қатты жауын-шашын болжамының әсерінен күтілуде.

Павлодар облысында температураның көтерілуінен басқа, өзендердің алқаптық учаскілеріндегі су деңгейінің көтерілуі және су басу қаупі - Шүлбі су қоймасындағы шығарындылардың артуына байланысты болып отыр.