РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 сәуір 2018 17:01, Изменено: 18 сәуір 2018 15:18

«Қазгидромет» РМК Атырау қ. атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылауды 5 бекетте, оның 2 қолмен сынама таңдау бекеті және 3 автоматты станцияда өткізеді.

Сондай-ақ, Атырау қ. және іргелес орналасқан (Мақат, Қарабатан аудандары), «Қазгидромет» РМК деректер келіп түсетін  (АМӨЗмен NCOC) ұйымдарының 24 бекеті орналасқан:

 «АМӨЗ» компаниясының 4 станциясынан деректер 24 сағатқа кешігіп түседі; 

«NCOC» компаниясының 20 станциясынан деректер екі сағатқа кешігіп түседі;

2017ж. барлық станциялардың деректері бойынша 353 жоғарғы ластану жағдайы және күкіртті сутегі бойынша жоғары-экстрмалды 75 жағдай тіркелген. Бұл ақпарат жедел түрде себептерін анықтау үшін ҚР ЭМ ЭРБК Экологиялық аймақтық  департаменттеріне және  ҚР ЭМ ЭРБК мәлімет үшін  жолданды.

2018ж. 1-2 сәуір аралығында «Қазгидромет» РМК №6 автоматты станциясында (Бигельдинов көш.10 А) күкіртті сутегі бойынша жоғары ластанудың - 9 жағдайы және экстремалды-жоғары ластанудың - 2 жағдайы .


          «NCOC» компаниясының бекеттерінде бірнеше рет («Вест Ойл»,», «Загородная», «Авангард», «Шағала», «Болашақ Оңтүстік», «Жилгородок»)күкіртті сутегі концентрациясы шекті нормадан асты, осылайша  2018ж. 1 қаңтар – 2 сәуір аралығындағы кезеңде жоғары ластанудың 10,3-43,4 ШРК шегінде 30 жағдай,  экстремалды-жоғары ластанудың 53,99-132,2 ШРК шегінде 6 жағдай тіркелген.

Сондай-ақ, «АМӨЗ» компаниясының №4 «Пропарка» бекетінде 2018 жылы ақпан айында күкіртті сутегі бойынша жоғары ластанудың 2 жағдайы байқалған.

Атырау қ. Экология департаментінің деректері бойынша 2017 жылы қаладағы атмосфералық ауадағы ластанудың пайда болудың негізгі себебі,   қаланың сол жағалау бөлігінде орналасқан буландырғыш тоған «Тухлая балка» болып табылады.