РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 23 мамыр 2018 14:53, Изменено: 23 мамыр 2018 14:53

24 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында дауылдық ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20  м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавловск қ. 24 мамырда  оңтүстік-батыс, батыс желінің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтілуде. Күндіз  найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

24 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Астана қ: 24 мамырда түнде топырақ бетінде ә градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 24-ші мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.