ҒТЖ

«ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ»


ҚҰРМЕТТІ АВТОРЛАР!
 «ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» журналының (тіркеу куәлігінің №1538) нөмірі ISSN 2079-6161 редакциялық алқасы Сізді серіктестікке шақырады. Журнал жылына 4 рет шығады. Қолжазбалардың жарияланғаны үшін авторлар ақысы өндіріп алынбайды.
Қазақстан ғылыми кадрларын аттестациялау департаменті біздің журналымызды географиялық ғылым бойынша диссертациялардың негізгі  нәтижесін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне қосты.   

АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
«Ұлттық ғылыми техникалық ақпараттар орталығымен» жасалған шартқа сәйкес редакция Орталыққа электрондық кітапханаға қосу үшін журналдың электрондық нұсқасын береді. Орталық редакцияға басылымның библиометриялық көрсеткішін (импакт-фактор) ұсынады.   
Біздің журналымызда метеорологияның, агрометеорологияның және климатологияның барлық саласы, физика шектес қабат және математикалық үлгілерді жасау бойынша мақалалар жарияланды. Журналдың гидрологиялық бөлімі құрлық пен теңіздердің, су ресурстарының, қар көшкіндерінің және сел арналарының гидрологиясы саласындағы зерттеулердің нәтижелері беріледі. Басылымның негізгі бөлігін қоршаған орта мен экология аспектілерінің географиялық мәселелеріне арналған басылымдардан тұрады. Шаруашылық субъектілерінің және Қахзақстан республикасы тұрғындарының  гидрометеорологиялық қамтамасыз етілуі, гидрометеорологиялық ақпарат маркетингі, сондай-ақ «Казгидромет» РМК желілік бөлімшелерінің жұмысын жоспарлауды және басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Географиялық ғылымның әртүрлі салаларының жетекші мамандары, Қазақстанның және жақын шет мемлекеттердің ең жақсы ЖОО-ның және академияларының профессорлары мен оқытушылары Біздің журналымыздың серіктестері болып табылады. «ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» журналы – бұл географиялық ЖОО-ның практикалық мамандары, ғалымдары, оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ гидрометеорологияға және эколгияға қатысы бар салалардың сарапшылары үшін  гидрометеорология және экология саласында тиімді білім алудың және толықтырудың таптырмас мүмкіндігі.  
       
«Гидрометеорология және экология» ғылыми-техникалық журналының редакциялық алқасы:

  • А.Т. Мендигарин (бас редакторы, РМК «Қазгидромет» бас директордың, Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымында Қазақстан Республикасының ресми уәкілі)
  • техн. ғылымд. канд. П.Ж. Қожахметов (бас редакторының орынбасары)
  • геогр. ғылымд. канд. Н.И. Ивкина (бас редакторының орынбасары)
  • О.С. Галаева (жауапты хатшы)
  • техн. ғылымд. канд. Р.Г. Абдрахимов
  • техн. ғылымд. докторы А.Х. Ахметжанов
  • техн. ғылымд. докторы М.Ж. Бүрлібаев
  • геогр. ғылымд. канд. С.С. Байшоланов
  • геогр. ғылымд. докторы Р.И. Гальперин
  • геогр. ғылымд. канд. В.В. Голубцов
  • геогр. ғылымд. канд. С.А. Долгих
  • геогр. ғылымд. докторы Ж.Д. Достай
  • техн. ғылымд. канд. В.И. Ли
  • геогр. ғылымд. докторы А.Р. Медеу
  • геол.-мин. ғылымд. канд. Е.Ж. Муртазин
  • геогр. ғылымд. канд. Е.Ф. Морозова
  • геогр. ғылымд. докторы В.Г. Сальников
  • физ.-мат. ғылымд. канд. О.Е. Семенов
  • геогр. ғылымд. докторы Б.С. Степанов
  • техн. ғылымд. докторы А.А. Тұрсынов
  • геогр. ғылымд. канд. Э.А. Тұрсынов
  • геогр. ғылымд. докторы В.С. Чередниченко
  • техн. ғылымд. канд. С.П. Шиварева
  • техн. ғылымд. докторы Р.К. Яфязова
  •  (қазақ тіліне аударған) А.М. Бажиева

«Гидрометеорология және экология» ғылыми-техникалық журналында мақалаларды жариялау үшін редакцияға:    

  • форматы А4 стандартты қағаздың бір жақ бетінде басылып шығарылған, кестелерді, суреттерді және әдебиеттер тізімін қоса есептегенде 12-14 парақтан аспайтын    қолжазбаның бір нұсқасын;
  • мақаланың электрондық нұсқасын;
  • сараптама актісін;
  • автор (авторлар) жұмыс істейтін ұйымның немесе мекеменің басшысы қол қойған ілеспе хатты;
  • тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы, жұмыс орнындағы мекеменің атауы және оның почталық мекенжайы көрсетілген (жеке парақта) автор (авторлар) туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Мақаланың қағазға басылып шығарылған және электрондық нұсқасы бірдей  болуы тиіс.
Журналдағы мақаланың материалдары мен әдебиет тізімінің көркемдеуі

  • Толық ондық жіктеу ТОЖ индексы
  • Шығармашының А.Ж.Т. (ов)*
  • Жұмыс орны (ов)**
  • Мақаланың аталуы
  • Аңдатпа материалдың шығарылған тілінде жазылуы тиіс (мыс: қаз.)
  • Басты сөздер
  • Мақаланың толық мәтіні
  • Әдебиет тізімі***
  • Түйін  екі өзге тілде беріледі, басылым материалынан өзгеше тілде (мысалы: орыс., ағыл.)

* Авторлардың АЖТ-сы жұмыс орны индексімен белгіленеді – А.В. Витавская 1, Н.И. Пономарева 2, Г.К. Алтынбаева 3
** Авторлардың жұмыс орны – Алматы технологиялық университеті1, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы, Руднен индустриалдық институті3
*** Әдебиет тізіміндегі библиографиялық сиппаттама ГОСТ 7.5-98 бойынша ресімделеді. Мысал ретінде келтіріледі – мақалалар, кітаптар, конференцияның материалдары, патент пен алыс жердегі қол жеткізу электрондық ресурсы.
Мерзімдік  басылымнан мақала:
Р.М. Ақсартов, М.И. Айзиков, С.А. Расулова Леукомизина мөлшерін анықтау әдісі  // КазҰУ Хаб. Сер. хим – 2003. – Т. 1. № 8. – С. 40-41
Кітап:
А.А. Курмуков Леуомизинның ангиопротекторлық және гиполипидемикалық белсенділігі. – Алматы: Бастау, 2007. – Б. 35-37
Конференция (семинар, симпозиум), еңбек жинағының материалдарының басылымынан:
С.Т. Абимульдина, Г.Е. Сыдыкова, Л.А. Оразбаева Қант өндірісінің функциялық жұмысы және дамуы // Қазақстанның аграрлық секторындағы инновация: Халықаралық конф. матер., Вена, Австрия, 2009. – Алматы, 2010. –Б. 10-13
Электрондық қор:
Д.В. Соколовский Теория синтеза самоустанавливающихся кулачковых механизмов приводов [Электрон. қор]. – 2006. – URL: http://bookchamber.kz/stst_2006.htm (дата обращения: 12.03.2009).

Мақала алдындағы әдебиетті ресімдеу кезінде басылым авторларының толық тізбесін келтіру керек

Аталған материалдар мекенжай редакцияның поштасына, электрондық поштасына caspian almaty@mail.ru жіберілуі мүмкін.

ҚОЛЖАЗБАНЫ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ақпараттарды орналастыру реті:

  • техн. ғылымд. канд. П.Ж. Қожахметов (бас редакторының орынбасары)
  • геогр. ғылымд. канд. Н.И. Ивкина (бас редакторының орынбасары)
  • О.С. Галаева (жауапты хатшы)
  • техн. ғылымд. канд. Р.Г. Абдрахимов
  • техн. ғылымд. докторы А.Х. Ахметжанов
  • техн. ғылымд. докторы М.Ж. Бүрлібаев
  • геогр. ғылымд. докторы Р.И. Гальперин
  • геогр. ғылымд. канд. В.В. Голубцов
  • геогр. ғылымд. канд. С.А. Долгих
  • геогр. ғылымд. докторы Ж.Д. Достай
  • геогр. ғылымд. докторы А.Р. Медеу
  • геол.-мин. ғылымд. канд. Е.Ж. Муртазин
  • геогр. ғылымд. докторы В.Г. Сальников
  • физ.-мат. ғылымд. канд. О.Е. Семенов
  • геогр. ғылымд. докторы Б.С. Степанов
  • техн. ғылымд. докторы А.А. Тұрсынов
  • геогр. ғылымд. канд. Э.А. Тұрсынов
  • геогр. ғылымд. докторы В.С. Чередниченко
  • техн. ғылымд. канд. С.П. Шиварева
  • техн. ғылымд. докторы Р.К. Яфязова
  • техн. ғылымд. канд. А.М. Бажиева (қазақ тіліне аударған)

Мақаланың мәтіні Word мәтіндік редакторда дайындалуы тиіс:

  • Шрифт гарнитурасы: Times New Roman;
  • Шрифт өлшемі: 11 п;
  • Абзац ішіндегі сөздер тек бір бос орынмен бөлінеді;
  • жол аралығы: көбейткіш – 1.2
  • абзац 12,5 мм;
  • ендері: жоғарғы 20 мм, төменгі 75 мм, сол жақ 70 мм, оң жақ 15 мм.

Қолжазба ендірмелеріне рұқсат берілмейді. Бет саны (суретсипаттары, кестелері және т.б. бар беттерін қоса алғанда) нөмірленуі тиіс. Мақаланың бөлімдері мен басқа бөлімдері араб цифрларымен нөмірленеді.
Суретсипаттар (ақ-қара, анық) мәтінге қойылуы тиіс және жазбалары болуы тиіс (ерекше жағдайларда суреттер жеке парақтарда және жеке файлдарда беріледі). Әрбір суретсипаттарға мәтіннің ішінде сілтеме болуы тиіс (сілтеме жақшамен көрсетіледі). Графиктер, диаграммалар, гистограммалар Microsoft Excel  режимінде және мәтінге Microsoft Excel объектісі ретінде қойылады. Суреттің жазбасы оның астына орналастырылады және курсивпен теріледі (мысалды қараңыз). Толық цифрлар санның негізгі бөлігіннен нүкте арқылы емес үтір арқылы бөлінеді. Мәндердің талдамасы жазудан кейінгі жолға беріледі. Сурет көрсетілген жолда индекстер мен цифрлардан басқа жазу жазылмайды. Суреттегі цифрлар мен әріптердің көлемі мәтіндегідей, ал индекстердің көлемі 1,5 мм кем болмауы тиіс. .
Кестелер мақаланың мәтінінде беріледі және нөмірі мен атауы кестенің астында беріледі. Мәтіндегі әрбір кестенің сілтемесі болуы тиіс (сілтемелер жақша ішінде көрсетіледі). Кестелер қосымша кесте жолының бағансыз беріледі, кестенің тақырыбы мен ішкі сызығына ғана баған қойылады. Кестенің нөмірі мен мағыналық атауы – кестенің астына, ескертпесі – оның астына беріледі. 
Математикалық, химиялық мәндерді және формулаларды формулаларредакторы режимінде (Microsoft Equation) теру керек. Формулаларда символ ретінде ГОСТ-та белгіленген мәндерді қолдану керек. Формулалардың нөмірі беттің оң жақ жетінде жақшаның ішінде көрсетіледі. Формуланың реттік нөмірінің мәтіндегі сілтемелері де жақша ішінде көрсетіледі. Мәтінде жолдағы формулалардың барлық параметрлерінің талдамасы келтіріледі.  
Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында авторлардың әліпби ретімен орыс тілінде және артынша шетел тілінде беріледі. Әдебиеттерге сілтемелер төртбұрыш жақшалар ішінде – [ ] беріледі. Шетелдік дерек көздері түпнұсқа жазылуымен беріледі.
Әдебиеттер тізімін жазған кезде мыналарды:

  • журнал мақалалары үшін: авторлардың тегі мен әкесінің аты, мақаланың жылы мен аты, журналдың аты, том нөмірі, шығарылым, бет нөмірі;
  • кітап үшін: авторлардың тегі мен әкесінің аты, кітаптың жылы мен толық аты, шығарылған орны (қаласы), жалпы бет саны;
  • диссертациялардың авторефераттары үшін: автордың тегі мен әкесінің аты, жылы мен толық аты, деңгейі, мамандығы, қорғау орны, беті:
  • депонирленген мақалалар үшін: авторлардың тегі мен әкесінің аты, депонирлеу күні, депонирленген мақаланың аты, тірке нөмірі;
  • авторлық куәліктер үшін: авторлардың тегі мен әкесінің аты, а.к. жылы мен толық аты және оның нөмірі.

Қосымшасы (екі және одан да көп болса) араб цифрларымен нөмірленеді. Әрбір қосымша жеке тақырыппен және жеке парақта беріледі. Мәтінде әрбір қосымшаға сілетеме (сілтемелер жақша ішінде беріледі) болуы тиіс.
Физикалық шамалар бірлігі СИ халықаралық жүйесінде келтіріледі не СИ жүйесіне аударылған бірліктері қосымша беріледі..
Ұйымның, мекеменің аты, геграфиялық атауы, және т.б. соңғы ресми редакциясында беріледі. Тарихи атауларының қасында жақша ішінде қазіргілері беріледі.
Барлық қысқартулар ГОСТ-қа және қысқарту сөздігіне сәйкес жасалынады. Редакция қолжазбадан бас тарту және оған қажетті редакциялық түзетулер, толықтырулар және қабылданған қолжазбадағы қысқартуларды енгізу құқығына ие. Мақала пысықтау үшін авторға қайтарылыуы мүмкін.
Техникалық талаптарға сәйкес безендірілмеген қолжазбалар басылымға жіберілмейді және авторға қайтарылмайды.
Біздің журналымызға мақаласын ұсынатын авторлар төменде келтірілген кестені толтыруы тиіс.

Мақала жайлы ақпарат
(журналдын әр мақаласына толтырылады)


Ақпарат (мақала)

  •  

ТОЖ (Толық ондық жіктеу индексы)

 

  •  

Бас авторы

 

  •  

Авторластар

 

  •  

Автордың жұмыс орны (толық аты)

 

  •  

Мақаланың толық мәтіні

 

  •  

Басты сөздер

 

  •  

Түйіндеме орыс тілінде

 

  •  

Түйіндеме қазақ тілінде

 

  •  

Түйінде ағылшын тілінде

 

  •  

Әдебиет тізімі

 

 

Біз барлық оқырмандарға бізді қолдағандары үшін, авторларға қызықты мақалалары мен қазіргі гидрометеорология мен экология саласындағы ғылыми шолулары үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерден жаңа, қызықты туындылар күтеміз!

Редакцияның мекен-жайы: 050022, Алматы, Абай даңғылы, 32, к. 415
Телефон:(727)255 84 06

1995 ж. мақалалардың көрсеткіші
1996 ж. мақалалардың көрсеткіші
1997 ж. мақалалардың көрсеткіші
1998 ж. мақалалардың көрсеткіші
1999 ж. мақалалардың көрсеткіші
2000 ж. мақалалардың көрсеткіші
2001 ж. мақалалардың көрсеткіші
2002 ж. мақалалардың көрсеткіші
2003 ж. мақалалардың көрсеткіші
2004 ж. мақалалардың көрсеткіші
2005 ж. мақалалардың көрсеткіші
2006 ж. мақалалардың көрсеткіші
2007 ж. мақалалардың көрсеткіші
2008 ж. мақалалардың көрсеткіші
2009 ж. мақалалардың көрсеткіші
2010 ж. мақалалардың көрсеткіші
2011 ж. мақалалардың көрсеткіші
2012 ж. мақалалардың көрсеткіші

2014 ж. мақалалардың көрсеткіші

 

Мазмұны №1 2013 ж.
Мазмұны №2 2013 ж.
Мазмұны №3 2013 ж.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
«ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» (№1538 тіркеу куәлігі) журналының редакциялық алқасы Сіздерді серіктестікке шақырады. Журнал жылына 4 рет басылымға шығады. ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласын бақылау комтетінің шешімімен біздің журналда жарияланған мақалалар докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғауда қабылданатынын сіздерге қуана хабарлаймыз. Мақалалар гидрометеорологиялық және экологиялық бағытта болу керек.
«ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» журналының редакциясына өткізілетін қолжазбаларға қойылатын техникалық талаптар
Автормен жіберілген қолжазба жинағына кіреді: кестелер, суреттер және әдебиет тізімін қоса есептегенде 12…14 беттен аспайтын мақаланың негізгі мәтіні, 10 қатардан аспайтын мақаланың нәтижесі мен мазмұны жөнінде толық түсініктеме. Осы түсініктеме, мақаланың аталуы мен автордың А.Ж.Т. қазақ тілінде де беріледі. Мақаланың аталуы  мен автордың А.Ж.Т. ағылшын тілінде де беріледі.
(ГОСТ-қа 7.1-84 сәйкес) әдебиет тізімі алфавит тәртібімен авторлар алдымен орыс, ізінше шетел тілінде беріледі. әдебиетке сілтеу квадрат жақшада көрсетіледі – [ ]. Суреттер бір мақалада үштен аспау керек. Мақаланың атының алдында Толық ондық жіктеу (ТОЖ) бойынша кеңейтілген индексін келтіру керек. Мақаланың машинкаға басылған нұсқасынан басқа оның дискетада, CD немесе флэшкада жазылған көшірмесі өткізіледі.
Қолжазбаны көркемдеу:
Қолжазбаның бар мәтіні, таблицалармен қоса ПК-де ақ түсті қалың қағаздың бір бетінде, А4 форматта басылады. Аралық – көбейткіш – 1,2. Беттер алаңының параметрлері: жоғарғы 20 мм, төменгі 75 мм, сол 70 мм, оң 15 мм. Азат жол 12,5 мм басталады, теру шарты Microsoft Word, Times New Roman шрифті (қалыпты стилі), шрифт өлшемі 11. Мақала атауы бас әріптермен, бөлусіз, жартылай майлы шрифтпен жазылады. Түсініктеме мақаланың негізгі мәтінінен бұрын аталудан, авторлар тізімінен (бағанада ғылыми дәрежесімен көрсетіледі) кейін  орналасады, курсивпен басылады, сол және оң жағынан 5 мм шегінеді.

Мысалды қараңыз

НАУЧНЫЕ СТАТЬИ Гидрометеорология и экология                             № 1            2010

ӘОЖ 577.4:66.046.44.59
КЕН БАЙЫТУ ҚАЛДЫҚТАРЫН САҚТАУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫН БАҒАЛАУ


Техн. ғылымд. канд.

А.Ж. Жуматаев

Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысы «Казцинк» АҚ Зыряновск тау-кен байыту кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалау мақсатында қалдық сақтау қоймасы орналасқан ауданның экологиялық карта-схемасын жасау үшін қолданылған есептеу мәліметтері мен әдістері келтірілген….
Суреттер Paint (Painbrush) режимінде ГОСТ-қа сәйкес дайындалып, мәтінге сурет ретінде қойылады. Графиктер, диаграммалар, гистограммалар –Microsoft Excel режимінде және мәтінге Microsoft Excel объектісі ретінде қойылады. Суреттің жазбасы оның астына қойылып, курсивпен басылады (мысалды қараңыз). Толық сандар бөлшек бөлімнен нүктемен емес қайырмамен бөлінеді. Белгілеулерге түсініктеме аталудан кейін сол қатарға жазылады. Сурет алаңына индекстер мен белгілеу сандарынан басқа жазулар рұқсат етілмейді. Суреттегі сандар мен әріптердің өлшемі мәтіндегімен бірдей, ал индекстер 1,5 мм кем болмау болу керек.

Сур. 2. Іле өзенінің ақаба сулардың төгіндісінен 500 м төмен тұсындағы ластану көрсеткіштері: 1 – 2004 жыл, 2 – 2006 жыл.
Кестелер косымша бағаналарсыз безендіріледі, тек кестенің «басы» мен шеткі бағаналары ғана сызылады. Кестенің номірі және мағыналы атауы – кестенің үстіне, қосымшалары оның астына (ГОСТ-қа сәйкес) жазылады (мысалды қараңыз).
Кесте 1
Зыряновск қаласы атмосферасында ластаушы заттардың сейілуін анықтайтын коэффициенттер мен метеорологиялық сипаттамалары


Сипаттама аталуы

Көлемі

Атмосфера стратификациясына тәуелді коэффициент, А

200

Қаладағы жер бедері коэффициенті

1...3

Жылдың (шілде) орташа максимал температурасы, °С

26,9

Жылдың (ақпан) орташа максимал температурасы, °С

-28,9

Физикалық көрсеткіштердің өлшем бірліктері Халықаралық жүйеде СИ (ГОСТ 8.417-81) келтіріледі, немесе СИ жүйесіне келтірілген аудармасы қатар көрсетіледі.
Ұйымның, мекеменің, географиялық және т.б. аталуы соңғы ресми редакцияда беріледі. Тарихи аталуларына қоса жақшада кәзіргі аталуы көрсетіледі.
Математикалық, химиялық белгілеулер мен формулалар (Microsoft Equation) редактор режимінде басылуы керек. Формулаларда символдар ретінде ГОСТ-пен белгіленген белгілеулерді қолданады. Формулалардың номірі беттің оң шетінен домалақ жақшамен көрсетіледі. Мәтінде формуланың кезекті нөміріне сілтеу де жомалақ жақшада көрсетіледі. Мәтінде қатарға міндетті түрде барлық параметрлерді түсініктемесі беріледі (мысалды қараңыз).
,                                                 (2)
қайда Д – байыту қалдықтарын сақтайтын қойма бетінің диаметрі (Д = 500 м); V1 – қалдық сақталынған қойма көлемі.
Барлық қысқартулар ГОСТ-қа және қысқарту сөздігіне сәйкес жасалынады.
Бөлек парақта редакцияға автор туралы мәліметтер: аты-жөні, әкесінің аты (толығымен), үйі мен мекеменің мекен-жайы және телефондары, жұмыс орындалған мекеменің тура аталуы, автордың ғылыми дәрежесі жіберіледі.
Авторлар ұжымымен жазылған мақалар барлық авторлардың қолы қоюлы болу керек.
Редакция қолжазбаларды қабылдамауға немесе редакциялық жөндеулер және қабылданған қолжазбаларға қосулар мен қысқартулар жасауға құқықты. Мақала авторға толықтыру жасау үшін қайтарылуы мүмкін. Кей жағдайларда редакция сұрауымен мақалаға рецензия талап етіледі.
Техникалық талаптарға сәйкес безендірілмеген қолжазбалар басылымға жіберілмейді және авторға қайтарылмайды.
Журнал жөнінде мәліметтерді http://www.kazhydromet.kz сайтының ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР / «Гидрометеорология и экология» ЖУРНАЛ бөлімінде алуға болады.

  • А.Т. Мендигарин (бас редакторы, РМК «Қазгидромет» бас директордың, Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымында Қазақстан Республикасының ресми уәкілі)
Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»