Агрометеорологиялық онкүндік шолу

2017 жылдың ақпан айының 3-ші онкүндігіне

қысқаша агрометеорологиялық шолу

     Оңтүстік Қазақстан облысында кезең бойы ауа-райы температурасының оң фоныңда Шымкент қ. және Қазығұрт МС маңындағы егістіктерде күздік бидайдың өсіп-өнуі байқалған. Егістіктердің жағдайы қанағаттанарлық және жақсы, күздік дақылдардың қыстауы қолайлы өтіп жатыр.

     Ақпан айының соңында бізбен бақыланатын учаскілердегі күздік дақылдардың тіршілікке қабілеттілігін анықтау кезінде Алматы облысы Жаркент МС маңындағы беде 5% дейін және Жамбыл облысы Саудакент МС маңындағы жоңышқа 10% дейін зақымданған, ал қалған учаскілерде өсімдіктер зақымдалмаған, сонымен қатар қыстап шығу жағдайы қолайлы болды.

      Батыс Қазақстан облысында тұрақты қар жамылғысының болуы күздік қара бидайдың қысқа төзімділігіне қолайлы әсер етеді.

     Мал шаруашылығының бақылау пункттерінде ақпан айының үшінші онкүндігінде ауаның орташа температурасы нормадан жоғары, ал Алматы облысы (Ассы МС биік тау жайылымы) және Оңтүстік Қазақстан облысыңда (Қызылқұм МС) норма шамасында болып, жауын-шашын жайылым аумағының басым бөлігінде өткен.

     Еліміздің батыс, оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығысының кейбір аудандары мал жайлымдарында жайылуы жалғасуда, ал қалған аймақтарда мал қорада тұр.

    Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында және Батыс Қазақстан облысының Қазталовка ауданында онкүндіктің бірінші жартысында қойлар төлдей бастады.

       Алматы облысының Жамбыл ауданында (Айдарлы МС) онкүндіктің екінші күні малдарды көктемгі жайылымға айдау басталды.

      Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысынның Ырғыз ауданында және Алматы облысының Қаратал аудандарында жер отының жай-күйі әлі нашар екендігі байқалады, ал қалған бақылау пунктілерінде жер отынының жай-күйі қанағаттанарлық.

     Жайылымның тапталуы жалпы орташа, шымның жағдайы қатқақ болған және Атырау облысының Құрманғазы ауданында шымның жай-күйі дымқыл болғаны байқалады.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»