RSE “Kazhydromet”
Ministry of Energy
of the Republic of Kazakhstan
Добавлено: 05 January 2019 03:49, Изменено: 11 January 2019 17:41

БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

Астанада Қазақстан және Ресей ұлттық метеорологиялық

қызметтері арасында кездесу өтті

 

Астана қаласы                                                         2018 жылғы 25 қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласында 2018 жылғы                      18-19 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен РФ Табиғи ресурстар және экология министрлігінің Ресейгидромет гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі бойынша федералды қызметі делегациясының Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы ведомствоаралық Келісім (1992 ж.шілде) шеңберінде алтыншы ресми кездесуі өтті.

Кездесуде Тараптар қоршаған ортаның жай-күйі мониторингісінің қолданыстағы желісі туралы ақпаратпен алмасты, қалаларда атмосфералық ауа ластануының көрсеткіштерін есептеу әдістерін қолдану мәселелерін талқылады, жер үсті суларының сапасына мониторинг жүргізу тәжірибесімен алмасты.  Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың нәтижесін атап өтті және экологиялық мониторинг жүйесінде қолданылатын  әдістемені жетілдіру саласында ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе, қоршаған орта объектілерінде ластаушы заттардың таралуын және олардың шоғырларының алқаптарын үлгілеу саласында ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Қазгидромет радиолокациялық бақылау желісін Қазаэронавигациямен бірлесіп, Қазақстан Республикасында іске асыру бойынша жоспарлары туралы ақпараттандырды. Кездесуде, сондай-ақ, ресей тарапының http://www.meteorad.ru/ ресми порталына шынайы уақыт режимінде кіру мүмкіндігін ұсыну мәселесі талқыланды.  Қазақстан тарапы Қазгидрометтің радиолокаторларды орнату және пайдалануға беру шамасына қарай, мәліметтерді осы порталда жариялауға дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша, Алтыншы ресми кездесудің хаттамасына және Қазгидромет пен Ресейгидрометтің 2019-2022 жылдарға арналған жедел-өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.